Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол кісі өнерден алшақ емес": 45 жастағы актриса Күнсұлу Тұрғынбекқызы тұрмысқа шыққанын мәлімдеді

Опубликовано:

Күнсұлу Тұрғынбекқызы қойылым кезінде
Күнсұлу Тұрғынбекқызы. Фото: nege.kz

Белгілі театр актрисасы әрі дублюж шебері Күнсұлу Тұрғынбек тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол Nege.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса сүйіктісінің аты-жөнін айтудан бас тартты.

"Мен сахнада жеке дара әнші ретінде танылмасам да, спектакльдерде ән салуға тура келетін кездер болады. Оның үстіне жуырда тұрмысқа шығып, отбасылы болдым. Бір ошақтың түтінін түтеткеннің орынына, жұртпен жағаласып, әншілікке ұмытылғаным жөн болмас.

Біз отбасымызда шариғат жолымен жүреміз. Егер ол кісі рұқсат беріп жатса, қазіргі заманда әншілігіңді таныту қиындық тудырмайтынын өзіңіз де жақсы білесіз. Десе де, әнші болуға құлшынып отырғам жоқ. Себебі қазір маған ән салудан гөрі асыл жар, аяулы ана болу маңыздырақ. Жарымның атын атамай-ақ қояйын. Бірақ ол кісі өнерден алшақ емес. Әрі ақын, әрі сазгер. Спорт саласын да жақсы біледі. Былайша айтқанда, бір бойына бірнеше өнерді тоғыстырған азамат. Сондықтан жарымды қамқорым ғана емес, өнердегі сыншым десем де болады", - дейді Күнсұлу.

Сондай-ақ танымал актриса өзінің қызы туралы алғаш рет айтты.

"Ол менің қызым. Бірақ, оны қалай бауырыма басқанымды жұртқа жар салудың қажеті жоқ. Бізді Алланың өзі табыстырды. Негізі, менің қызым да әнші. Өлеңді де тамаша оқиды. Алда отбасылық үлкен кеш берсек дейміз. Сол кезде бұйырса, жұбайым мен қызымды көрерменге таныстырамын", - дейді Күнсұлу Тұрғынбекқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010154-ol-kisi-onerden-alsaq-emes-aktrisa-kunsulu-turgynbekqyzy-ozinin-turmysqa-syqqanyn-malimdedi/

pixel