Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуана келістім": Желіде танылған қырғыз әншісі қазақстандық продюсермен жұмыс жасайтынын мәлім етті

Опубликовано:

Наарын Сүйүнтбекова, Аслан Қамысбай
Наарын Сүйүнтбекова, Аслан Қамысбай. Фото: instagram.com/aslan_kamysbai

Отандық продюсер Аслан Қамысбай желіде танымал болған қырғызстандық әншіні жұлдыз етпек. Наарын Сүйүнтбеков есімді қырғыз әншісі қазақстандық продюсердің ұсынысына қуана келісім берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы продюсердің өзі Instagram парақшасында мәлім етті.

"Эстрада әлеміне тағы бір талантты жас әнші Наарын Сүйүнтбеков қосылды. Алла қаласа әдемі ән мен сапалы бейнебаяндарды тарту етеміз. Тек алға, Алла күш қуат берсін. Көк аспанның қыраны бол, мен әрқашан сені қолдап, жаныңнан табыламын. Жаңа жоба құтты болсын", -деп жазды Аслан Қамысбай.

Ал ғаламтор арқылы танылған әнші Наарын Сүйүнтбеков бүгінде алғашқы бейнебаянын көпшілікке ұсынып үлгерген.

"Қазақстанға продюсер Аслан Қамысбайдың шақыртуымен Қырғыз Республикасынан келдім. Продюсердің ұсынысына қуана келістім. Бір туған қазақ-қырғыз халқына жақсы әндер тарту еткім келеді.

Бұл менің бірінші бейнебаяным. Тырнақалды туындымның сюжеті махаббат пен құмар ойындарының шырмауында қалған жігіттің оқиғасын баяндайды", - дейді қырғызстандық әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010203-quana-kelistim-zelide-tanylgan-qyrgyz-ansisi-qazaqstandyq-prodyusermen-zumys-zasaitynyn-malim-etti/

pixel