Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 жылдан кейін байланыс орнады": Айгүл Иманбаева концертінің алдында әкесіне қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева табиғат аясында
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram/aigul_imanbayeva

Қазақ эстрадасының танымал өкілі, әнші-актриса Айгүл Иманбаева 14 наурыз күні Алматыда шығармашылық жеке концертін өткізбекші. Аталған мерекелік қойылымда әншінің әкесі алғаш рет көрермен болмақ, деп жазады "Таңшолпан" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Осыдан 8 жыл бұрынғы жеке концертім "Сен ғана" деп аталған. Осы жолы "Мен..." деген атаумен бергелі жатырмын. Келесі жолы "Біз" болатын шығар, бұйырса. Концерт толыққанды жанды дауыста өтеді. Қазір көрерменге жанды дауыста көңіл-күй сыйлау - маңызды.

Бірінші рет менің әкем келе жатыр. Оралдағы барлық тумаларым келе жатыр. Бұл да мен үшін жүрегім толқитын сәт. Өйткені әкеммен арада 40 жылдан кейін байланыс орнаған адаммын. Енді, кім ажыраспай жатыр? Тағдыр деген нәрсе бар... Сол тағдырға көндікпей, қарсы жүріп, жеңе білгеннің, кешіре білгеннің үлкен бақыт екенін менің жүрегім сезді.

Халық солай шынайы әлемге сүңгиді", - деді әнші.

Сондай-ақ Айгүл Иманбаева өз концертінде бірнеш дуэт болатынын, бірақ өнердегі әріптестерінің басым бөлігі залда қонақ ретінде отыратынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010260-algas-ret-akem-kele-zatyr-aigul-imanbaeva-koncertinin-aldynda-erekse-malimdeme-zasady/

pixel