"Сен - гүлсің": Қызын еркелеткен Нұрлан Албан көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді (видео)
Жарияланған күні:
Қызын еркелеткен отандық танымал әнші Нұрлан Албан көпшіліктің ризашылығына ие болды. Әнші Instagram желісіне жариялаған видеодан соң кей желі қолданушылары көзіне жас алғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қызымды қазір еркелетіп алмасам, бойжеткен кезінде мұндай сөздерді айта алмай қаламын", - деп жазды әнші.
"Ақылдым, тәттім. Құдай бізге сендерді үш түйір қылып бере салған. Соның ішінде гүл қылып сені берді. Сен - гүлсің! Сен - күнсің, жанымсың, жарығымсың. Құдай бере салған тәттім", - дейді Нұрлан Албан видеода қызына.
Ал желі қолданушылары әншінің қызын еркелеткен сәтті көріп, өз отбасы есіне түскенін жарыса жазды.
"Әкемді сағынып кеттім ғой. Алла разы болсын, керемет әкесіз", "Гүлдеріңіз аман болсын", "Әкемнің еркелеткені есіме түсті", "Әке деген осындай болу керек", "Әкенің орны бөлек қой", "Қызыңыз қандай бақытты", "Көңілім босап, көзіме жас алдым", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010414-qyzyn-erkeletken-nurlan-alban-kopsiliktin-suiispensiligine-bolendi-video/