Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Керменбаев анасының туған күніне гауһар тасты әшекей тарту етті (видео)

Опубликовано:

Нұржан Керменбаев жұбайымен, анасымен
Нұржан Керменбаев жұбайымен, анасымен. Фото: instagram.com/nazerke_kermenbayeva

Отандық әнші Нұржан Керменбаев анасының 60 жас мерейтойына бағалы тасты әшекей сыйлады. Анасының туған күнін жақындары арасында атап өткенін әншінің жұбайы Назерке Керменбаева Instagram парақшасында жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйіміздің қазынасы, анамыздың 60 жас туған күнінен жылы естелікті қабыл алыңыздар.

Жалпы, анамыздың 60 жас туған күнін дүркіретіп, үлкен той етіп, алыс-жақын ағайынның басын қосып, жасағымыз келген. Бірақ, білесіздер, жақын туысымыздан айырылып қалдық. Сол себептен жасамадық.

Кішігірім жақындарымызбен анамыздың туған күнін атап өттік. Анамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бар жақсылықты тілейміз. Нұреке (Керменбаев - ред.) отбасымыздың атынан анамызға бриллиант жиынтық сыйлады", - деп жазды әншінің жұбайы.

Желі қолданушылары да әншінің анасына ақ тілегін жаудырып, жарыса пікір қалдырды.

"Анаңыз жүз жасасын", "Балалары мен немере-шөберенің қызығын көрсін", "Анаңызға мықты денсаулық тілейміз", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010518-nurzan-kermenbaev-anasynyn-tugan-kunine-gauhar-tasty-asekei-tartu-etti-video/

pixel