Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әркімнің таласы бар": Айгүл Иманбаева "Болашақпен" оқуға түскені үшін сынағандарға жауап берді (видео)

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританияның Лондон қаласына оқуға түскенін айтқан болатын. Өнер иесі мемлекеттік бағдарламамен шетелге оқуға түскені үшін сынаған көпшілікке "1001 түн" бағдарламасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева өзінің докторантураға емес, тағылымдамаға түскенін тағы бір атап өтті.

"Әншілерге мемлекеттік грантты берудің керегі не?" дегенді оқып қалдым. Сөйтсем, атышулы блогер бар екен. Мен ол кісіні танымайды екем. Ол кісі де менің әлемімді танымаған болуы керек, біраз нәрсені түйдектетіп айтқан екен.

Біріншіден, сол блогерді "мәңгүрттеу" дейді. Өз тілінен, ұлтынан алыстау. Тағы бір эфирде де айтқанмын, мен ол кісіні батлға шақыратын едім. Шет тілінен батлға шықсын менімен, әдебиеттен, мәдениеттен шықсын.

Ол кісі арнаға берген сұхбатымды түсінбеді ме? Ол мені "докторантураға түсті" деп ойлаған. Мен 2022 жылы докторантураға Қазақстанға тапсырғым келді. Бірақ, IELTS алатын менің ағылшыным үшінші деңгейде ғана. Төртінші деңгейге енді өтемін. IELTS алатын деңгейім жетпегендіктен, мен докторантураға тапсыруды тоқтата тұрдым. "Болашақ" бағдарламасымен тағылымдамаға бір жылға кетіп бара жатырмын. Ол жерде IELTS тапсырмайсыз.

Екіншіден, онлайн эксперттер отырады, бес адам. Бір адам ағылшынша, үш адам орысша, бір адам қазақша сұрақ қойды. Қай тілде сұрақ қойылды, мен сол тілде жауап бердім. Көбіне психологиялық сұрақтар болды және қазақ тілінен тест тапсырдым. Ол жерде IELTS тапсырған жоқпын, докторантураға кетіп бара жатқан жоқпын. Мен тәжірибе алмасуға кетіп бара жатырмын. Менің бара жатқан мамандығым - менеджмент. Өзім жасап жүрген дүниемді жетілдіргім келді", - деді әнші.

Әнші бағдарлама барысында өзіне шәкіртақы төленетінін де жасырмады.

"Менің "бір орын үшін барып келейін" деген ойым жоқ. Жалпы, ол менің бағыма, бақытыма бұйырып жатса, мен оған қарсы емеспін. Неге істің адамы бармасқа деген дүние тұрады. Мен өз ісіме адалмын. Ал оқып келгеннен кейін үкімет тәжірибеден өтуге қайда жібереді, мен қызмет етуге дайынмын. Бірақ менің 12 жылдан бері жасап жүрген дүниемді тереңінен оқып, сіңіру себеп болды. Мен бара жатқан оқу орны өнердің менеджментін жүргізуді үйрететін оқу ордасы. Ол бізге таптырмайтын, керек дүние.

"Басқа әртістер неге бармайды?", "Жастарға неге орын бермейді?" деген комплекске толы термин бар. Жастардың қолын қағып, жолын кесіп жатқандай. Неге тапсырмайды? Әркімнің таласы бар. Барыңыз, тапсырыңыз, дайындалыңыз, өтіңіз. Мен мысалы ағылшын тілін оқып жүргеніме үш жылдан асты. Мен алдыма нақты мақсат қойдым. Тілді мақсатты түрде оқыдым. Тағылымдамаға барамын, шәкіртақы төленеді. Димаш бастаған қанша жан тағылымдамаға кетіп бара жатыр", - деді Айгүл Иманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010532-arkimnin-talasy-bar-aigul-imanbaeva-bolasaqpen-oquga-tuskeni-usin-synagandarga-zauap-berdi-video/