Ұланғасыр Қами ақша табу үшін қалада дөнер сатқанын мойындады
Жарияланған күні:
Халық арасында кеңінен танылған "Қызыл раушан" әнінің орындаушысы Ұланғасыр Қами Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жас әнші түрлі сұрақтарға жауап берді. Ол өзінің керемет шоу дайындап жатқанын жасырған жоқ. Одан бөлек, әлі күнге дейін сүйіктісін таппағанын айтты.
Сұхбат барысында Ұланғасыр бір аптадай дөнер сататын дүңгіршекте істегенін де жария етті.
"Студент кезде болды. Бір аптадай дөнер сататын жерде жұмыс істедім. Дөнер де істедім, кассаға да тұрдым. Бірақ кассаға тұрғызбаса екен деп қорқатынмын. Себебі орыс ұлтының адамдары келсе, санды айта алмай, қиналатынмын. Орысшаға шорқақпын", - деді Ұланғасыр Қами.
Ұланғасырдың айтуынша, олар үйде төрт ұл болып өскен. Қазіргі таңда ең үлкен ағасы мен өзі ғана сүйіктісін таппаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010597-kassaga-turudan-qorqatynmyn-ulangasyr-qami-qaragandyda-doner-satqan-kunderin-eske-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.