"Бес ай болды": Қайрат Нұртастың інісі келіншегімен ажырасып кеткенін айтты (видео)
Жарияланған күні:
Былтырғы жылдың наурызында Алматыда қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың інісі Заңғардың үйлену тойы өткен болатын. Арада біраз уақыт өткенде Заңғар Нұртас пен келіншегі Жібектің ажырасқаны жайлы қаңқу сөз тарады. Алайда осы күнге дейін бұл жайлы екі тарап еш мәлімдеме жасамады. Ал күні кеше Заңғар Нұртас Taboo бағдарламасында бар шындықтың бетін ашты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Заңғар сен бір жыл бұрын үйлендің. Жібекпен 9 жыл жүріп үйлендіңдер, қалай таныстыңдар?", - деп сұрады бағдарлама жүргізушісі.
Ал Заңғар Нұртас жұбайы Жібекпен қалай танысқанын және бес ай бұрын ажырасып кеткенін ашып айтты.
"Оқуда, туған күнде таныстық. Маған деген көңілімен баурап алды. Өйткені, мен 17 жастамын. Басқа елдемін, әке-шешемнің көңілі жоқ және жалғызбын. Біз енді танысып бастағанда "Жылы жүр" деп шәлі, қолғап әкеліп береді. Дәрі әкеліп береді, витамин әкеледі. Сондай жылулығымен баурап алды. Өзімде де сезім болды.
Оны келін қылып үйге әкелсем, демек мен үшін анамнан кейінгі ең жақын а. дам болды. Жібекке деген сыйластық сезімі қалды. Ажырасқанымызға бес ай болды. Қазір оқырмандардың көбісі "Түрі суық, мынадай келін болды" деп айтады. Ондай келін болған жоқ. Жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Сыйластығымыз қазір де жақсы. Бірақ, сондай жағдай болып қалды. Оған нақты не себеп болғанын айта алмаймын, ол жеке нәрсе. Бастарыңызға бермесін", - деді Заңғар Нұртас.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010681-qairat-nurtastyn-inisi-kelinsegimen-azyrasyp-ketkenin-aitty-video/