Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Раиммен ән айтқан Артур қызының тұсауын кесіп, бір жасын дүркіретіп атап өтті (видео)

Опубликовано:

Артур Давлетьяров отбасымен
Артур Давлетьяров отбасымен. Скриншот: instagram.com/sadvakasovamadina

Көпшілікке "Раим мен Артур" тобы арқылы танылған Артур Давлетьяров қызының тұсауын кесіп, бір жасын дүркіретіп атап өтті. Оралда өткен тұсаукесер тойына еліміздің танымал жұлдыздары қатысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында жазды.

"Оралдамыз. Бұрынғы "Раим мен Артур" тобындағы Давлетьяровтың үйінде тұңғышы Сумайяның тұсаукесер тойындамыз. Құтты болсын", - деп жазды әнші.

Видеодан Мадина Сәдуақасованың биші қыздармен бірге Сумайяны ортаға әнімен алып шыққанын байқауға болады.

Сәдуақасовамен қатар Артур Давлетьяровтың қуанышына өнердегі әріптестері Қанай мен Нұржан Керменбаев та барған.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар", "Қызыңыз ғұмырлы болсын", "Қадамы оң болсын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010756-raimmen-an-aitqan-artur-qyzynyn-tusauyn-kesip-bir-zasyn-durkiretip-atap-otti-video/

pixel