Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақстандық музыкант Darkhan Juzz дүниеден өтті

Опубликовано:

Дархан Жүнісбеков
Дархан Жүнісбеков. Фото: instagram.com/d.juzz

Darkhan Juzz лақап атымен танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков 31 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Instagram парақшасында хабарлады.

"Қаралы хабар естігенде төбемізден жай түскендей болдық. Дарынды әнші Darkhan Juzz Дархан Жүнісбеков өмірден өтіпті. Дархан қазіргі заманғы қазақ музыкасының жарқын өкілі еді. Жарқырап жанып келе жатқан жұлдыздың мезгілсіз ағып түскені қабырғамызды қайыстырды.

Еліне бергенінен берері көп, қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосатын азамат болатын. Амал нешік, ажал оны арамыздан ерте алып кетті.

Алдың жарық, топырағың торқа болсын, Дархан! Сенің жарқын бейнең өнеріңді қадірлейтін жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады!", - деп жазды Ерлан Қарин.

PRESIDENT жобасының авторы әрі жүргізушісі, журналист Әділ Балтабаевтың Telegram арнасында айтуынша, 31 жастағы Дархан Таиландта көлік апатына ұшыраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010779-tanymal-qazaqstandyq-muzykant-darkhan-juzz-qaitys-boldy/

pixel