Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірден өткеніне қуанып жүргендей": Ләйлә Сұлтанқызы өзін сынаған оқырманына жауап берді (видео)

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы отбасымен
Ләйлә Сұлтанқызы отбасымен. Кадр: Ләйлә Сұлтанқызының Youtube арнасынан

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев былтыр қарашада өмірден өтті. Тележүргізуші Instagram парақшасында кезекті желі қолданушысының сынына жауап қайтарып, неліктен әлі күнге қара жамылып отырмағанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ренжімеңіз, тікелей той емес жалпы. Біз естіп, сізбен бірге жыладық. Бірақ сізге қарасам, ештеңе болмағандай. Ең болмаса эфирлерді 5-6 ай қоя тұру керек пе еді? Сізден ештеңе күтпеймін, пайдасы жоқ. Сізді қатты жақсы көрдім, үлгі қылдым. Бірақ, жолдасыңыздың өмірден өткеніне қуанып жүргендей, біртүрлі екен", - деп жазды желі қолданушысы Сұлтанқызына.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы неліктен жұмысқа араласып кеткенін түсіндірді.

"Біреудің бағы мен бақытына, қайғысы мен қуанышына, жалпы өміріне баға беру қаншалықты орынды? Кез келген жағдайды сырттан қарап отырған емес, басына түскен адам ғана түсінеді. Ешкімнің басына бермесін.

Менің жұмысқа араласуымның бір-ақ себебі бар. Ол - балаларымның болашағы. Үйдің тірегі де, отбасының асыраушысы да - жалғыз өзім", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010920-omirden-otkenine-quanyp-zurgendei-laila-sultanqyzy-ozin-synagan-oqyrmanyna-zauap-berdi-video/