Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Төлендиевтің қызы тойында "үш қабатты, алып" тортты кесті (видео)

Опубликовано:

Нұржан Төлендиевтің қызы
Нұржан Төлендиевтің қызы. Фото: instagram.com/korlawkaa

Елімізге танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев тұңғышы Қорланды ұзатқан болатын. Ал күні кеше әзілкештің қызының тойы өтті. Дүркіреп өткен тойда Төлендиевтің қызы мен күйеу баласы алып торт кесіп, көпшілікті таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақ көйлек киген маңызды күнінің видеосын әзілкештің қызы Қорлан Instagram парақшасында көпшілікке бөлісіп отырды.

Видеодан үш қабатты алып тортты байқауға болады. "Үй" түріндегі тортқа тірек ретінде бірнеше торттарды пайдаланған.

Сонымен қатар видеодан Нұржан Төлендиевтің қызы мен болашақ күйеу баласы заңды некесін қидырып, құжаттарға қол қойғанын да байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұржан Төлендиевтің қызының сырға салу рәсімі өткен болатын.

Осыдан соң ұзату тойы болған Қорланды әкесі ел алдына өзі алып шықты.

Сондай-ақ той соңында Қорланды болашақ жұбайына Жазира Байырбекова әнімен ұзатып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010943-nurzan-tolendievtin-qyzy-toiynda-en-ulken-tortty-kesti-video/

pixel