Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

34 жасқа толған Қайрат Нұртас туған күнін қалай атап өтті (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/kair_n

Продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында тұңғышы Қайрат Нұртастың туған күніне отбасымен қалай тосынсый жасағанын көрсетті, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Былтырғы жылы Қайрат Нұртас 33 жасын Мальдив аралдарында атап өткен болатын.

Ал биыл хитменнің туған күнін отбасы ерекше тосынсыймен қарсы алды.

"Тұла бойым тұңғышымды 9 ай 9 күн көтеріп, ана атанған күнім. Сөйтсем, Алланың қалауымен халықтың ұлы етіп туған екенмін ғой. Құлыным, мен сенімен мақтанамын. Жолың ашық, жүзің жарық, тұғырың биік болсын", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың туыстары мен достары әншіні бимен және алып қуыршақтармен қарсы алған.

Ал хитменнің өзі Instagram парақшасында 34 жасын достарымен дастархан басында атап өткенін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010992-qairat-nurtastyn-34-zasqa-tolgan-tugan-kunin-qalai-atap-otti-video/

pixel