Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейтмағамбет желіде жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Опубликовано:

Ақбота Сейтмағамбет
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Отандық әнші әрі актриса Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде өз ойын жиі бөлісіп тұрады. Өнер иесі бұл жолы арулардың бар жақсылыққа лайық екені жайлы жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сұлулық барлық нәрседе бар. Бірақ оны барлық адам көре алмайды", - деп жазды актриса.

Ал Ақбота Сейтмағамбеттің жанкүйерлері әншінің жаңа образы өзіне жарасымды екенін жарыса жазды.

"Өте әдемі", "Керемет", "Жарасып тұр", "Бақытқа лайықтысың", "Сізді жақсы көрем", - деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар Ақбота Сейтмағамбет Instagram парақшасының сторис бөлімінде арулардың туғаннан бастап бар жақсыға лайық екенін жазды.

"Қыздар жайлы "бірнәрсеге лайық" деп айту артық. Ол туғаннан бастап бар жақсылыққа лайықты. Ол - Құдайдың жаратылысы. Ол ештеңеге міндетті емес", - деп жазды Ақбота Сейтмағамбет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011114-aqbota-seitmagambet/

pixel