Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаеваға дәрігерлер тікелей эфирде пластикалық ота жасады (фото, видео)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева табиғат аясында
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram/aigul_imanbayeva

Отандық әнші, актриса Айгүл Иманбаева қабағына пластикалық ота жасатты. Бұл жайлы әншінің өзі Instagram парақшасында мәлім етіп, пластикалық отаны тікелей эфирде көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Достар, дәл қазір Алматы қаласындағы жоғары дәрежелі хирургке көзімнің үстіңгі жағына блефаропластика жасатуға келдім. Неше жыл бойы жүрексініп келіспей, енді шешім қабылдадым. Ота тікелей эфирде өтті", - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Сонымен қатар әнші отадан кейін қабағының өзгергенін Instagram желісінің сторис бөлімінде көрсетті.

Айгүл Иманбаева қабағына ота жасатты
Айгүл Иманбаева сторис. Скриншот: instagram.com/aigul_imanbayeva

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актриса Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританияның Лондон қаласына оқуға түскенін айтты. Алайда көпшілік өнер иесінің мемлекеттік бағдарламамен шетелге оқуға түскенін сынға алды. Ал әнші өзін сынаған жұртқа жауап қайтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011166-aigul-imanbaevaga-darigerler-tikelei-efirde-plastikalyq-ota-zasady-foto-video/

pixel