Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дүние-мүлікті бірінші орынға қоймаймын": Бейбіт Қорған гонорарының қанша екенін айтты

Опубликовано:

Бейбіт Қорған бағдарламада
Бейбіт Қорған. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Отандық әнші Бейбіт Қорған дүние-мүлікті бірінші орынға қоймайтынын айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында гонорарының қанша екенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында жүргізуші әншіден "Біреу өзінің қуанышына шақырғысы келсе, қаншалықты қолжетімдісіз?", - деп сұрады.

Ал әнші дүние-мүлікті бірінші орынға қоймайтынын ашып айтты.

"Негізі ұстанымым дүние-мүлікке байланысты адам емеспін. Талай адаммен араласамыз. Көз алдымда кедей адам байға айналды, бай адам кедейленді. Өз басым адам таңдамаймын. Дүние-мүлікті бірінші орынға қоймаймын.

Бірақ кейде қарапайымдылығыңды әлсіздікке санайды. Алдап кететіндер болады. "Концертіңді жасап беремін" деп алдап ақша алады. Ел-жұрт сияқты барып, өлең айтып келгенімізге миллион теңгедей аламыз. Эконом-класспен ұша береміз, халықтың арасында жүре береміз. Тыңдармандарым қатты сыйлайды, құрметтейді. Мені көтерген қазақ халқы, сондықтан сол халқыма қызмет етемін", - деді Бейбіт Қорған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011282-beibit-qorgan-gonorarynyn-qansa-ekenin-aitty/

pixel