Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән Мексика астанасының метросында көрсетіледі (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген. Кадр
Димаш Құдайберген. Кадр: YouTube/Arman Davletuyarov

27 ақпанда Мексиканың астанасы Мехико метросының 576 медиафасадында Димаштың Kieli meken әні көрсетіле бастайды. Науқанды мексикалық жанкүйерлер Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған, деп хабарлайды dimashnews.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сайт мәліметінше, Димаштың әні 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында Мексика метросында сағат сайын көрсетіледі.

Айта кетейік, Dimash Qudaibergen Méxicoficial фан-клубы Мехико медиафасадында Димаштың қойылымдарын екінші рет ұйымдастырып отыр.

Сайт мәліметінше, Мексика астанасы Мехикодағы метро қаланың негізгі көлік құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан Димаштың әндерін 3 миллионға жуық адам көреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011290-dimas-qudaibergennin-oryndauyndagy-an-meksika-astanasynyn-metrosynda-korsetiledi-video/