Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнерден де үлкен дүние бар": "Бауыржан-шоудың" танымал актері неліктен Алматыдан бір-ақ күнде кеткенін айтты

Опубликовано:

Нұрбек Мадиев сұхбат беруде
Нұрбек Мадиев. Скриншот: "Ең алғашқы" бағдарламасы

Көпшілікке "Бауыржан-шоу" арқылы танылған актер Нұрбек Мадиев бүгінгі таңда Атырау сатиралық театрында қызмет етуде. Өнер иесі егде жастағы ата-анасы сырқаттанып қалғандықтан, Алматыдан бір-ақ күнде жиналып, туған жеріне қайта оралғанын айтты, деп жазады "Айқын" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Көрерменнің мені жо­ғал­тып алғанын жиі естіп жүрмін. Көрермені іздейтін актер болудың өзі - бір бақыт. Сондықтан мені із­дейтін көрермен қауымға мың ал­ғыс айтқым келеді. Тіпті "Нұрбек мансабын жал­ғастыру үшін Ресейге кетіп қа­лыпты" деп ойлап жүргендері де бар екен. Бірақ мен ешқайда кеткен жоқпын.

"Бауыржан-шоудан" жинаған мол тәжірибемді Атырау мәдениетін дамытуға жұм­сап жатқан жайым бар. Қа­зіргі уақытта өзімнің туып-өскен өлкем - Атыраудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония жанынан ашылған "Ара-Атырау" сатиралық теа­трында көркемдік жетекші болып қызмет етіп жүрмін", - деді актер.

Сонымен қатар Нұрбек Мадиев Алматыдан бір күнде жиналып көшіп кетуінің себебін де айтты.

"Бауыржан-шоу" мен үшін үлкен мектеп болды. Қазақ са­тира­сының шеберханасы десек те болады. Үлкен театрда жүріп, өнердің қасиетін ерекше түсіндім. Шығармашыл орта жан дүниеме керек құндылықтарды бойыма сіңірді. Бірақ өнерден де үлкен дүние бар.

Нұрбек Мадиев деген есімнің даңқын шығаруға бірден-бір себепкер болған ата-анам ғой. Сол кісілердің алдындағы пер­зенттік борышымды өтеу үшін туған жеріме оралдым. Ата-анама қызмет қылып, қартайған ша­ғында жанында болғым келді. Алматыдан бір күнде жиналып, қайтып кетуіме үлкен кісілердің сырқаттанып қалуы себеп болды. Оның үстіне, жасым да келді. Адам жасы ұлғайған сайын туған жерін көп аңсайды екен", - деді ағынан жарылған актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011333-onerden-de-ulken-dunie-bar-bauyrzan-soudyn-tanymal-akteri-nelikten-almatydan-bir-aq-kunde-ketkenin-aitty/

pixel