jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Күйеу балама аманат": Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның "сырға салу" рәсімінен видео тарады (видео)

    Кәмшат Жолдыбаева сырға салу
    Кәмшат Жолдыбаева. Скриншот: Youtube/@ShowBusinessKazakhstan

    Желіде отандық әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салғаны жайлы ақпарат тарауда. Әншінің өміріндегі маңызды күннің видеосы TikTok желісінде жарияланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары отандық өнер саласында жаңа жұптың пайда болғанын жарыса жазып, көпшілік Кәмшат Жолдыбаеваның актер Ғазрет Қажымұқанұлымен кездесіп жүргенін болжаған болатын.

    Видеодан ұлттық көйлек киген Кәмшат Жолдыбаеваның жанынан Ғазрет Қажымұқанұлын көруге болады.

    Желі қолданушылары Кәмшат Жолдыбаеваға бақыт тіледі.

    "Бақытты болсын", "Еркенің аяғы жеңіл болып, қыздардың бәрі ұзатылып жатыр", "Бағыңыз ашылсын", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, әншінің өзі сырға салу рәсімі өткені жайлы мәлімдеме жасамады.

    "Күйеу балама аманат": Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның "сырға салу" рәсімінен видео тарады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.