"Он жылдай жүрдім": Айгүл Мүкей жасанды ұрықтандыру көмегіне жүгінгенін ашып айтты
Жарияланған күні:
Тележүргізуші Айгүл Мүкей жеке өмірі жайлы құпиясын бөлісті. Үш баланың анасы жасанды ұрықтандыру қызметіне жүгінгенін айтып, Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қазір ЭКҰ (экстракорпоральді ұрықтандыру - ред.) деген мүмкіндіктер бар. Он жыл бұрын ЭКҰ жасатқанымда, өте қымбатқа шықты. 600-700 мың ол кезде қандай ақша еді? Қанша жерден жұмыс десек те, әйелдің ең үлкен бақыты - бала сүю.
2000-жылдары Салтанат Байқошқарованың орталығына барып, ота туралы репортаж түсіргенмін. Мен қатты таңғалдым. "Мен келемін, кездесеміз" деп айтқаным есімде. Маған орталық та, Салтанат Байқошқарова да қатты ұнады. Кейін неге солай айттым дедім. Кейін мен бардым, он жылдай жүрдім ғой. Бірақ ыңғайы келмеді. Ал сәті түскенде, менің жасым келді", - деді Айгүл Мүкей.
Сонымен қатар тележүргізуші 46 жаста жүктілікті қалай өткізгенін айтып берді.
"Аяғым ауыр кезде еш қиындық болмады, жеңіл жүрдім. Кесарь тілігі арқылы босандым. Босанғаннан кейін екі айдай үйде отырып, кейін жұмысқа шықтым. Көмекшім бар, ешбір қиындық болған жоқ. Мен үшін қиындық - уақыт. Қалай болады деп санап жүремін", - деді Айгүл Мүкей.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011456-aigul-mukei-aieldin-en-ulken-baqyty-bala-suyu/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.