Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әртіс ретінде өзімді жоғалтып алдым: Әнші Молданазар жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Ғалымжан Молданазар әнші
Ғалымжан Молданазар. Фото: Тимур Балымбетовтің бағдарламасы

Қазақстандық әнші Ғалымжан Молданазар өзін әртіс ретінде жоғалтып алғанын айтып, жан сырын ақтарды. Әнші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында өзінің бақытты әке, бақытты продюсер екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бақытты әкемін, бақытты продюсермін. Бірақ, өзімді әртіс ретінде жоғалтып алдым деп айта аламын. Ешнәрсені кінәлап жатқаным жоқ, бірақ ол ащы шындық. Сазгер болу үшін өмірің әртүрлі болуы керек. Жақсы нәрсе жазу үшін сенің өміріңде көптеген нәрселер болуы керек. Шүкір, менде қанша жыл болды отбасым, бала-шағам бар. Әке ретінде, продюсер ретінде командам бар, бәрі керемет. Шүкір, ризамын. Егер сазгер ретінде айтатын болсам, күшті нәрсе болып жатқан жоқ.

Негізі, қарын тоқ, барлығы бар. Академиядан шығып кеткен кезде екі айдай далада қонып жүргенмін. Бірақ керемет сезімдер болатын. Неше түрлі нәрсе көресің, эмоция көресің. Осының бәрі ән жазуға әсер етеді. Ал қазіргі уақытта әр күнің бір күнге ұқсас. Негізі барлық сазгердің тығырыққа тірелетін жері сол деп ойлаймын. Өмірдің заңы. Шындықты айтқанда, сен екеуінің біреуін таңдауың керек қой. Мен жұбайымды, балаларымды ренжітіп аламын деп ойламаймын. Олар менің жақсы көретінімді, сыйлайтынымды біледі. Бірақ сазгерлердің жолы сондай, екеуінің біреуін таңдау керек.

Музыка маған ренжіп жүр. Мұны көп сазгерлер айтуға ауызы бармайды. Өйткені, қалай айтасың енді? Әрбір еркекке отбасы маңызды нәрсе. Қасыңда сені жақсы көретін бала-шағаң бар, қарның тоқ, жатар орның жылы - осы нәрселермен адам тойып қалады. Меніңше, көп сазгерлер осы нәрсемен тауысылады", - деді Ғалымжан Молданазар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011472-artis-retinde-ozimdi-zogaltyp-aldym-ansi-moldanazar-zan-syryn-aqtardy/

pixel