Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарсы шыққандар бар": Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуімен ресми некеде тұрмағанын айтты

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова. Фото: YouTube/Көз тиеді

Айнұр Ілиясованың авторлық бағдарламасында қонақ болған Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбекпен заңды некеде болмағанын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аяғым ауыр кезде қасымда болған жоқ. Мұны тағдыр деп қабылдадым. Екіншіден, менде ажырасу болған жоқ. Яғни, мен ресми түрде ешқандай некеде болмадым. Қарсы адамдар болды. Айтпай-ақ қояйын. Шынымды айтсам, бұл кезең өте оңай өтті. Қиыншылық болды деп айта алмаймын. Барды - бар, жоқты - жоқ деп қабылдайтын адаммын.

Өте эгоист адаммын, өзімді қатты жақсы көремін. Мұндай жағдай да алып шықтым. Өзімнің рухани ұстаздарым, психологтарым бар. Соларға ішімдегінің бәрін ұялмай айттым. Олар өз тәжірибесін бөлісті, көрсетті. Одан бөлек, менде бір әдет бар. Ай сайын молдаға барып тазартыламын. Құраннан артық тазалайтын ештеңе жоқ", - деді Айжұлдыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айжұлдыз анасы екеуінің тағдырындағы ұқсастықтар жайлы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011475-qarsy-syqqandar-bar-aizuldyz-adaibekova-buryngy-kuieuimen-resmi-nekede-turmaganyn-aitty/