Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәмшат Жолдыбаеваның басына ақ орамал салынған сәттің видеосы тарады (видео)

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева келін атанды
Кәмшат Жолдыбаева. Скриншот: Youtube/@ShowBusinessKazakhstan

Күні кеше танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева отандық актер Ғазрет Қажымұқанұлының үйіне келін болып түсті. Әлеуметтік желіде Кәмшат Жолдыбаеваның басына ақ орамал салған сәттің видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан көліктен түскен Кәмшат Жолдыбаеваға күтіп алғандардың шашу шашқанын көруге болады. Сондай-ақ орта жастағы әйел әншінің басына ақ жаулық салды.

Сонымен қатар Кәмшаттың сіңлісі Алтынай Жолдыбаева тойдың қызықты сәтін TikTok желісінде бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін желіде Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салып, актер Ғазрет Қажымұқанұлына ұзатылғаны жайлы видеода тараған болатын.

Айта кетейік, әзірге Кәмшат Жолдыбаева да, Ғазрет Қажымұқанұлы да шаңырақ көтергендері жайлы тіс жармады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011655-kamsat-zoldybaevanyn-basyna-oramal-tagylgan-sattin-videosy-tarady/

pixel