Ерке Есмахан: Өнерден алшақтағым келетін сияқты (видео)
Жарияланған күні:
Жақында тұрмысқа шыққан әнші Ерке Есмахан көпшілікке алдағы жоспарын бөлісті. Өнер иесі өнерден аз уақытқа алшақтағысы келетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап беру барысында айтқан.
Желі қолданушыларының бірі әншіден "Өнерде қаласыз ба? Әлде тек үйде отыратын келіншек боласыз ба?", - деп сұрады.
Ал Ерке Есмахан күйеуінің де, жаңа туыстарының да өнеріне қарсы еместігін мәлім етті.
"Сырға салуға келгенде үлкендер "ән айтам десе - айтқызамыз, билеймін десе - билетеміз. Өнеріне еш кедергі болмаймыз" деді. Күйеуімнің де еш қарсылығы жоқ. Бірақ, өзім кішкене өнерден алшақтағым келетін сияқты", — деді Ерке Есмахан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011838-erke-esmaxan-onerden-alsaqtagym-keletin-siyaqty-video/