Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нью-Йорктің Times Square алаңында Imanbek-тің суреті пайда болды (фото)

Опубликовано:

Иманбек
Иманбек. Фото: instagram.com/imanbekmusic

Нью-Йорктегі Таймс-сквердің экранында "Грэмми" алған тұңғыш қазақстандық Иманбек Зейкеновтің бейнесі жарияланды. Бұл туралы музыкант Instagram желісінде хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иманбек өз бейнесін Таймс-скверде шығарғаны үшін 300 Entertainment және Effective Records дыбыс жазу студиясына алғысын білдірді.

Айта кетейік, Таймс-сквер экранында Иманбек пен америкалық әнші Тревор Дэниелдің In The Morning атты жаңа бірлескен трегі жарнамаланды.

"Тревор Даниэльмен бірлескен жаңа синглымызды тыңдаңыздар", - деп жазды Иманбек Зейкенов.

Желі қолданушылары музыканттың бұл жетістігіне қуанышты екенін білдіріп, пікір қалдырды.

"Жарайсың", "Сіз үшін қуаныштымын", "Қайда жүрсең де, аман бол", "Тіл-көзден сақтасын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011851-imanbek-tin-sureti-nyu-iorktegi-taims-skverdin-ekranyna-syqty-video/

pixel