Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзіме жас келді": Туған күнінде ұлынан гүл шоғын алған Айгүл Мүкей қуанышын бөлісті

Опубликовано:

Айгүл Мүкей тележүргізуші
Айгүл Мүкей. Фото: instagram.com/aigulmukei

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей 48 жасқа толды. Ол туған күнінде тұңғышынан сыйлыққа гүл шоғын алып, көз жасына ерік берген. Айгүл Мүкей желіде көпшілікке қуанышын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анашым, сізге гүл алу үшін ақша жинадым. Бірнеше жерді қарап, осы гүлді ерекше ұнаттым. Өскенде одан да үлкен гүл шоғын беремін" дейді ұлым Асанәлі. Ақ ниетіңнен айналдым. Кеше түнде гүлмен келгенде, көзіме жас келді.

Бүгін мен үшін ерекше күн. Жылы лебізіңіз бен толассыз құттықтауыңызға мың алғыс. Маған тілегендеріңіз екі есе қайтсын. Бар болыңыздар, бай болыңыздар, аман болыңыздар", - деп жазды Айгүл Мүкей Instagram желісінде.

Желі қолданушылары да тележүргізушіні туған күнімен құттықтап, тілегін білдірді.

"Құттықтаймыз", "Асанәлі ақылды бала", "Жүз жасаңыз", "Денсаулығыңыз мықты болсын", "Балалардың бақытын көріңіз", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айгүл Мүкей алғаш рет жұбайы жайлы ашып айтып, күйеуімен көшеде танысып, бірнеше айдан соң тұрмысқа шыққанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011990-kozime-zas-keldi-tugan-kuninde-ulynan-gul-sogyn-algan-aigul-mukei-quanysyn-bolisti/

pixel