Актриса Жанель Мақажан аяғы ауыр екенін айтып, жолдасына тосынсый жасады (видео)
Жарияланған күні:
2021 жылдың жазында отандық танымал актриса Жанель Мақажан мен оның сүйіктісі Абай Асылханұлы мешітте шариғат бойынша некесін қидырған болатын. Ал кеше актриса аяғы ауыр екенін айтып, жұбайына тосынсый жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл сәттің видеосын Жанель Мақажан Instagram желісіне жариялады.
Видеодан тосын жаңалықты естіген Абай Асылханның көз жасына ерік беріп, Аллаға шүкіршілік еткенін көруге болады.
"Құрметті достар, сүйінші хабармен бөліскіміз келіп отыр. 1,5 жыл дұға етіп, күткен Алланың сыйы бізге нәсіп етілді, шүкір! Бізге тілекші болған әрбір жанға алғыс айтамыз. Бала сүйгісі келетін әрбір жанға жұғысты болуын тілейміз", - деп жазды Жанель Мақажан.
Ал желі қолданушылары Абай Асылхан мен Жанель Мақажанның бұл хабарына ортақтасып, жылы лебізін арнады.
"Бақытты болыңыздар", "Құттықтаймын", "Қандай керемет көрініс", "Сіздер үшін қуаныштымын", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, жұлдызды жұптың қуанышына желіде отандық шоу-бизнес өкілдері де ортақтасып, тілек білдірді. Олардың арасында Мөлдір Әуелбекова, Балжан Бидаш, Жұлдыз Әбдікәрімова, Салтанат Бақаева да бар.
Естеріңізге сала кетейік, актриса Жанель Мақажан мен оның сүйіктісі Абай Асылханұлы 2021 жылдың маусымында мұсылманша некесін қидырған болатын. Жанель Мақажанның бірінші некесінен екі баласы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012217-aktrisa-zanel-maqazan-ayagy-auyr-ekenin-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.