Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкемде бар қасиеттерді көргім келеді": Актриса Нарқыз Тамабай болашақ жұбайына қандай талап қоятынын айтты

Опубликовано:

Актриса
Нарқыз Тамабай. Фото: NEGE.KZ

Отандық актриса Нарқыз Тамабай болашақ жұбайына қандай талап қоятынын айтты. Өнер иесі отбасы құрар азаматының бойынан әкесіне ұқсас қасиет іздейтінін жасырмады, деп жазады NEGE.KZ басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мәселе, қалтасының қалыңдығында емес. Алдына мақсат қоя білетін, амбициясы бар азамат болса, арманына өз күшімен-ақ қол жеткізеді. Бастысы – жүрегі жылылыққа толы, қайырымды жан болғанын қалаймын.

Негізі, өзім үйде жалғыз қыз болғандықтан еркелеп өстім. Сондықтан болашақ жарымның бойынан әкемде бар қасиеттерді көргім келеді.

Өзге саладан (өнерден өзге - ред.) болғаны дұрыс па деймін. Бірақ, өнерімді бір кісідей түсініп, жолымды кес-кестемей, керісінше, қолдау білдіріп отыратын жан болса деген тілегім бар", - деді Нарқыз Тамабай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012268-akemde-bar-qasietterdi-korgim-keledi-aktrisa-narqyz-tamabai-bolasaq-zubaiyna-qandai-talap-qoyatynyn-aitty/

pixel