Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге бермеймін": Айқын әйелі Жұлдыз Өмірғалиді туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
Айқын мен Жұлдыз: instagram.com/aikyn

Отандық әнші Айқын Төлепберген жұбайы Жұлдыз Өмірғалиді туған күнімен құттықтап, ерекше тілегін білдірді. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің өмірімді 180 градусқа бұрып, жүрегімнің әр ұяшығын жаулап алған сүйіктім,ту ған күнің құтты болсын! Талай белестер мен сыннан бірге өттік, өтеміз. Ешкімді тыңдама, менің қасымда жол серігім болып жүре берсең болды. Қалғанының бәрін мен өз мойыным-ақ аламын.

Сені бақытты қыламын. Туған күніңмен, алтыным! Сені ешкімге бермеймін", - деп жазды Айқын Төлепберген.

Ал желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақ тілегін арнады.

"Көз тимесін", "Бақытты болсын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012361-eskimge-bermeimin-aiqyn-aieli-zuldyz-omirgalidi-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel