Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаева: Анамның аяғына жығылып, кешірім сұрадым (видео)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева анасымен
Айгүл Иманбаева анасымен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Отандық әнші Айгүл Иманбаева Динара Сәтжанға берген сұхбатында қырық жыл көріспеген әкесіне ауыр сөз айтқанын еске алып, көз жасына ерік берген болатын. Бағдарлама барысында әнші осы жағдайдан соң анасынан да кешірім сұрағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкеммен кешірім сұрап, табысқаннан кейін сол күні үйге келдім. Анам теледидар көріп отыр екен. Бірге тұрсам да, анама өкпем көп, талай ренжіткенмін. Үйге келе салдым да, анамның аяғына жығылып, кешірім сұрадым. Бас салып өкіріп жылап, кешірім сұрағанда шошып кетті.

Анам екі инсульт, бір инфаркт алған адам. Тек күтіммен отырамыз. Анам "Не болды? Не болды? Біреу ренжітті ме? Ұрысып қалдың ба? Тыныштық па?" деді. Мен анамды тәте деймін. "Жоқ, тәте, бәрі жақсы. Бірақ мен сені талай ренжіттім, кешіре гөрші. Кешірші мені, сені талай ренжіттім".

Болмайтын нәрсеге кінәлай беремін. Іштегі өкпе ғой, оған тосқауыл қойсаң да, бір жағдай кезінде шығып кетеді. Сондай жағдайлар анаммен көп болды. Бәрі үшін анамнан кешірім сұрадым.

Мен тіпті, ажырасқан кезде баламды ауылдан анама ренжіп, алып кеткен кезім болған. Қазір қарасам, ренжитін түк жоқ. Ол менің баламды бағып отыр ғой. Мәселеде ода емес. Менің балалық кезімдегі мәселем мүмкіндік бермей тұрғанын енді түсіндім", - деді Айгүл Иманбаева.

Сонымен қатар Айгүл Иманбаева көзіне жас алып отырып, анасынан кешірім сұрағаннан кейін күнделік жазғанын айтты.

"Анамнан кешірім сұрап, құшақтап тұрып сүйдім. Мен анамның иісін сездім. Біз жай сүйеміз ғой. Ал оның иісін сезу бақыт екенін сездім. Мен тіпті бала болып, анамның иісін де иіскемейді екем. Сөйтіп, анамнан кешірім сұрап, түнде күнделік жаздым. Осы жағдайды күнделікке жазып, ұйықтадым. Кішкентай бала сияқты қатты ұйықтадым. Таңертең ерте тұрдым да, қауырсыннан жеңіл күйде тұрдым. Мен барлығын кешіріп, қабылдап, жүрегімнің тасы кетіп, тыныштық орнағанын сол күні сездім", - деді ағынан жарылған Айгүл Иманбаева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айгүл Иманбаева әкесіне айтқан ауыр сөзін еске алып, көзіне жас алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012422-aigul-imanbaeva-anamnyn-ayagyna-zalynyp-kesirim-suradym-video/

pixel