Екінші рет шаңырақ көтерген Ұлықпан Жолдасовтың ұлы сүйіктісін ұзатып алды (видео)
Опубликовано:

Танымал әнші әрі композитор Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат екінші рет шаңырақ көтерді. Бұл туралы әншінің қызы Фарида Жолдасова хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фарида ағасы мен жеңгесінің той төріндегі суретін бөлісіп: "Бақытты болыңдар!", - деп жазған.
Белгілі болғандай, Болаттың таңдауы Алтынай есімді бойжеткен түскен. Кеше қыз ұзату тойы өтіп, Нұрлан Өнербаев құдаларды бастап апарды. Сондай-ақ ұзату тойында Айман Нұразхан да болған.
"Алтынай келінімізбен 2022 жылдың күзінде танысып, көңілімнен шыққан болатын. Аллаға шүкір, осы күнге жеткенімізге", - деп жазды Айман.
Айта кетелік, Болат Жолдасов осыдан бірнеше жыл бұрын үйленіп, кейін жұбайлар ажырасып кеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012527-ekinsi-ret-sanyraq-kotergen-ulyqpan-zoldasovtyn-uly-suiiktisin-uzatyp-aldy-video/