Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз киімін өзі үтіктеп, дайындалмаған шығар": Күйеуінің киімін концертке дайындаған Ерке Есмахан көпшілікті сүйсінтті (фото, видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан әнші
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/raimusican

Әлеуметтік желіде Ерке Есмахан жұбайы Раимның сахналық киімін дайындап, сахна сыртында жүрген видеосы тарады. Жақында тұрмысқа шыққан әншінің бұл әрекеті көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ерке Есмахан өнер әлемінен аз уақытқа алшақтағысы келетінін айтқан болатын.

Еркенің құдалығы өтіп, ұзатылғаннан кейін, еліміздің бірнеше қаласында оның жұбайы Раим Бақтыгереевтің жеке кеші өтуде.

Ал Ерке Есмахан сахна сыртында оған қолдау білдіруде.

Раим Instagram желі жариялаған суреттен Раимның сахнаға арналған киімін үтіктеп отырған Еркені байқауға болады.

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне сүйсініп, жас жұбайға бақыт тіледі.

"Раим жарайсың! Жұрттың сөзі демей, өзіне не керек екенін шешті. Сыйластықтарың артсын. Ерке өз концертіне киімді өзі үтіктеп дайындалмаған шығар", "Бақытты болыңдар", "Еркедей Қазақстанның ең ерке, ең сұлу әншісі киімді үтіктеп жүргені де бақыт қой", "Нағыз махаббат", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012597-nagyz-maxabbat-kuieuinin-kiimin-utiktegen-erke-esmaxan-kopsilikti-suisintti-foto-video/

pixel