Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөлісе алмай жүрген неміз бар?": Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаевамен ренжіскен кездерді еске алды

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева және Алтынай Жорабаева
Айгүл Иманбаева және Алтынай Жорабаева. Фото: UGC

Отандық әнші Айгүл Иманбаева Динара Сәтжанға берген сұхбатында әріптесі, бұрынғы күйеуінің экс жұбайы Алтынай Жорабаевмен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Иманбаева Алтынай Жорабаеваны алғаш көрген кезін еске алды.

"Ең алғаш Алтынайды (Жорабаева - ред.) көргенімде басында - бөрігі, үстінде - қара жағалы пальтосы бар болатын. Сәбит (Әбдіхалықов - ред.) Республика сарайына ертіп әкеліп, менімен таныстырды. Көрген кезде бетінен сүйіп, құттықтап, "Мен - Айгүлмін" деп таныстырғанмын. Оның алдында Сәбит "үйленіп жатырмын" деп хабарласқанда да құттықтадым. Алтынай (Жорабаева - ред.) мені "Ұят болмасын" бағдарламасынан көрген. Әдемі көздерімен қарағаны есімде. Көз алдымда сол портрет сақтаулы. Кейін үшеуіміз жақын араласып, концерт бергенде Алтынайды ішінен танып, жүрегін көре бастадым. Өте сұлу, әдемі, жақсы адамды көрдім. Сол жақсы адамды мен жүрегіме сақтап алдым. Мен сол Алтынайды ішіме сақтап қойдым.

Тележүргізуші Мақпал Қаратай "Соңғы кезде Алтынай екеуіңнің араларың алыстап кетті-ау. Бір-біріңді түсінбей кеттіңдер. Оған ортасы әсер етті, айтқыштар көп қой" деген еді. Мен мұны уақыттың еншісіне бердім. Уақыт бәрін өз орнына қояды. Ақылы болса, әр нәрсені өзі түсініп, таразылайды", - деді Айгүл Иманбаева.

Сонымен қатар әнші Алтынай Жорабаевамен сөзге келіспей қалып, кешірім сұраған сәттердің де болғанын жасырмады.

"Алтынай "Актрисасың ғой, өтірік істейсің, ойнайсың" деп бір ренжігенде айтқан. Бір-бірімізге қатты айтқан кезіміз болды. Кешірім сұраған, түсініскен кезіміз болды. Әдемі кездер өтті. Қазақтың қызы ғой, өнерін де бағалаймын. Сөйтіп айтқанда қатты ойландым. "Соншалықты өтірік істейтін, өмірде ойнап жүретін адамның қатарынансың ба, Айгүл?" Менің бойымда қаншалықты екіжүзділік, жалғандық деген дүние бар деп өзіме сұрақ қойдым. Бір-екі күн, он күн, бір ай... Бірақ адам өмір бойы ойнай алмайды ғой. Өзінің бір болмысы болады. Менің болмысым осы. Ренішімді қазір ұмытып қаламын. Бәрібір іштей жақсы көріп тұрамын. Оның қаншалықты жаман немесе жақсы екенін білмеймін. Ал енді дәл Алтынайға деген көзқарасым осындай. Құрметтеймін, өзім таныған Алтынайды жақсы көремін.

Оның үстіне бөлісе алмай жүрген неміз бар? Мен әу заманда Алтынай Сәбитке тұрмысқа шыққанда да бөліскен емеспін. Менен кейін екі-үш жылдан кейін болған әңгіме, өздері келіскен", - деді Айгүл Иманбаева.

Естеріңізге сала кетейік, сұхбат барысында Айгүл Иманбаева сүйіктісі жайлы айтып, оның жақында өтетін жеке кешіне келетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012606-aigul-imanbaeva-altynai-zorabaevamen-qarym-qatynasy-zaily-bar-syndyqty-aitty/

pixel