Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оскар" сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

Опубликовано:

"Оскар" сыйлығының жеңімпаздары
95-ші Оскар жүлдесінің марапаттау рәсімінен. Фото: Photo by Mike Coppola/Getty Images

Өткен түні Лос-Анджелесте 95-ші "Оскар" жүлдесінің марапаттау рәсімі өтті. "Үздік фильм" номинациясын Дэн Кван мен Дэниел Шейнерттің "Всë везде и сразу" ("Everything Everywhere All at Once") фильмі иеленді. Ал актерлерге шеберлігі үшін берілетін бас жүлдені Брендан Фрейзер мен Мишель Йео алды.

Жеңімпаздар тізімі Америка киноакадемиясының ресми сайтында жарияланған. Әр аталым бойынша үздіктер тізімі мынадай:

Үздік фильм аталымы бойынша "Всë везде и сразу" ("Everything Everywhere All at Once") фильмі,

Үздік режиссер номинациясына "Всë везде и сразу" ("Everything Everywhere All at Once") фильмін түсірген режиссер Дэн Кван лайық деп саналды.

Үздік актер ретінде "Кит", ("The Whale") фильмінде басты рөлді сомдаған Брендан Фрейзер,

Үздік әйел рөлі бойынша "Всë везде и сразу" ("Everything Everywhere All at Once") фильмінде ойнаған Мишель Йео марапатталды.

Екінші пландағы үздік ер адам рөлін "Всë везде и сразу" ("Everything Everywhere All at Once") фильміне түскен Ке Хуй Куан есімді актер иеленсе,

екінші пландағы үздік әйел рөлін аталған фильмде ойнаған Джейми Ли Кертис есімді актриса алды.

Үздік монтажға лайықты деп Пол Роджерс танылды, "Всë везде и сразу" ("Everything Everywhere All at Once") фильмі бойынша,

Үздік ән "Naatu Naatu" ("RRR"),

Үздік дыбыс – "Top Gun: Maverick" фильмінде,

Үздік (бейімделген) сценарий аталымына Сара Полли, "Говорят женщины", ("The Women Speak") фильмі лайықты болды.

Үздік түпнұсқа сценарий жүлдесін "Всë везде и сразу" ("Everything Everywhere All at Once") фильмінің сценаристері Дэн Кван, Даниэль Шейнерт иеленді.

Үздік визуалды эффектілер бойынша "Аватар: Cу жолы" фильмі.

Үздік саундтрек түпнұсқада деген аталымға Фолькер Бертельманн, "На Западном фронте без перемен" ("All quiet on the Western front") фильмі лайық деп саналды.

Үздік арт-режиссер аталымы бойынша "На Западном фронте без перемен"("All quiet on the Western front") фильмі үздік деп танылды.

Үздік деректі фильм – "Навальный"; "Navalny"деректі фильмі.

Үздік анимациялық фильм бойынша "Пиноккио Гильермо дель Торо", ("Guillermo del Toro'S Pinoccio") мультфильмі иеленді.

Үздік қысқаметражды фильм атылымы бойынша "Прощание по-ирландски" ("Irish Farewell") фильмі марапатталды.

Үздік операторлық жұмыс бойынша "На Западном фронте без перемен"("All quiet on the Western front") фильмі жоғары бағаланды.

Үздік макияж және шаш үлгісі аталымына "Кит", ("The Whale") фильмі лайықты деп саналды.

Үздік костюмдер бойынша "Черная Пантера: Ваканда навеки", ("Black Panther: Wakanda forever") фильмі иеленді.

Үздік қысқаметражды деректі фильм - "Заклинатели слонов" (The Elephant Whisperers) атты деректі фильмге берілді.

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм ретінде "Мальчик, Крот, Лис и Конь", ("Boy, Mole, Fox and Horse") анимациялық фильмі марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012614-oskar-syilygynyn-zenimpazdary-zariyalandy/

pixel