Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрар Ыдырыстың концертінде ән салған Нұрболат Абдуллин жанкүйерлерін баурап алды (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Тұрар Ыдырыстың жеке кешінде ән салған Нұрболат Абдуллин жанкүйерлерін өзіне тән қылығымен баурап алды. Тұрар Ыдырыс өнердегі ағасын сахнаға шақырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл сәттің видеосын Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасында жариялады.

"Заманауи қазақ өнерінің серісіне айналған алтын бауырымның кешінен", - деп жазды Нұрболат Абдуллин.

Ал Тұрар Ыдырыс әншінің 35-тен асқандар арасында "краш" екенін айтып, сахнада көпшілікті күлкіге қарық қылды.

"Нұрболат Абдуллин, сахнаға шықсаңызшы. +35 жастың крашы. Нұрекең "Менімен ешкім дуэт жазғысы келмейді" дейді. Қорқады ғой енді. Журналдан түсіп қалған сияқты. Мысы басады", - деді Тұрар Ыдырыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012636-turar-ydyrystyn-koncertinde-an-salgan-nurbolat-abdullin-zankuierlerin-baurap-aldy-video/

pixel