Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалығып кеткен": Бес жасынан бастап сахнадан түспеген әнші Ерболат Құдайберген неге көрінбей кетті

Опубликовано:

Ерболат Құдайберген әнші
Ерболат Құдайберген. Фото: instagram.com/erbolatkudaibergen_

Кезінде көпшілікке "Мен қазақпын" әнімен танылған әнші Ерболат Құдайберген қазір сахнадан көрінбей кетті. Өнер иесінің ата-анасы Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер ұлының өнерден алыстау себебін "1001 түн" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ән жазып жатыр. Оның бес жүзге жуық трегі бар. Өз қызығымен. Концертке шығады, шақырса тойға барады. Негізі той әншісі емес. Бір жаман жері тойға ән жазбайды ғой. "Бес-алты той әнін жазып, бара бермейсің бе" деп айтамын. "Той әндеріне уақыт құртқым келмейді" дейді.

Оны шақыруын шақырады, барғысы келмейді. Ол бала жалығып кеткен. Бес жасынан бері сахнада. Жұлдыз ауруы емес, қарапайым ғой", - деді Ерболат Құдайбергеннің ата-анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012645-erbolat-qudaibergen-saxnadan-nege-korinbei-ketti/

pixel