jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Бұл үшін күйзеліске түспеймін": Балжан Бидаш бала сүю туралы ойланып жүргенін айтты

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

    Отандық әнші Балжан Бидаш жұбайы Жахан Отарғалиев екеуінің әлі күнге сәби сүймегені жайлы ойлана бастағанын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушыларының бірі әншіден "Біз үш жылдан бері сүйе алмай жүрміз. Сіз бұл жағдайды қалай қабылдап жүрсіз?", - деп сұраған.

    Ал Балжан Бидаш бұл жайтты ойланып жүргенін, алайда күйзеліске жол бермейтінін айтты.

    "Жаратқанның жоспары бар шығар. Мен басында мүлде ойламайтын едім. Қазір ойлана бастадым. Бірақ бұл үшін күйзеліске түспеймін. Бұйырған күні болады дейміз. Амалын жасау керек. Күйзеліске кірсеңіз, балалы бола алмайсыз.

    Күйеуіңіз екеуіңіз бір-біріңізді жақсы көруге, махаббатты ұлғайтуға тырысыңыз. Үш жыл дейсіз, он жылдан кейін көтеріп жатқандар да бар. Қазіргі уақытта мүмкіндік көп қой", - деп жазды әнші.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.