Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғат Жорабаевтың жары туған күнін ерекше стильде өткізді

Опубликовано:

Аяулым Жорабаеваның туған күн кеші
Аяулым Жорабаеваның туған күн кеші. Фото: жеке мұрағат

Әнші Талғат Жорабаевтың жары Аяулым Жорабаева 34 жасқа толған туған күнін Алматыда дүркіретіп өткізді. Бір қызығы, салтанатты кешке тек қана әйел адамдар шақырылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аяулым Жорабаева белсенді түрде қайырымдылықпен айналысады. Ол бүгінге дейін халықтың көмегімен 23 отбасыға үй әперген.

Осылайша, өзінің туған күн кешінде ол үйлі болған қыз-келіншектерді төрге шығарып, оларға түрлі сыйлықтар таратты. Көңілді кешке келген аналардың кейбірі мұндай құрметке көңілі босап, көзіне жас алып та үлгерді.

Туған күн кешінің тағы бір ерекшелігі - жиынға тек қыздардың шақыртылуы. Бұл кеште ер адамдар төбе көрсеткен жоқ.

Сондай-ақ туған кешіне келген қонақтар арнайы дресс-код сақтап, негізінен көк және алқызыл түсті көйлектер киді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012730-ayaulym-zorabaeva-tugan-kunin-erekse-stilde-otkizip-ozi-ui-apergen-zandardy-torge-sygardy/

pixel