Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қашанғы өзім тасимын?": Мөлдір Әуелбекова балалары әкелерімен араласпайтынын мәлім етті

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова балалары әкелерімен араласпайтынын айтты. "1001 түн" бағдарламасында қонақ болған әнші отбасылық құпиясын бөлісіп, бұл мәселені ашық талқылағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жоқ, іздемейді. Мен неге қаламайын? Менің араластырмауға қақым жоқ. Енді іздеп келмесе, мен не істейін? Мен ашық талқыладым, айттым, жаздым. "Келіп көремін, араласып тұрамын" деген жоқ. Бірақ, сол әңгімеден кейін кішкене ақшалай көмектесіп тұрады. Ал "Келіп, көріп, араласамын" деген жоқ.

Астанаға келген кезде бір-екі рет баланы өзім әкеліп жүрдім. Енді қашанғы өзім тасимын? Мен қадам жасадым. Бірақ әрдайым өзім келіп, баланы тықпалай бермеймін ғой. Өздерінің отбасы бар. Мен қашанғы баланы тықпалай беремін? Келмеген адамға мен не істеймін?

"Әкең жақсы адам. Күшті адам. Өте көп жұмыс істейді" деп айтып отырамын. "Қайда ол?" деп сұрайды. Бала өскен кезде бәрін өзі түсінеді. Жақсы жағынан қабылдатуға тырысамын. Бәрін сұрайды. Кейде сұрақ қойғанда, жауап таппай сасып қаласың",- деді ағынан жарылған Мөлдір Әуелбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші өнерден кеткісі келетіні жайлы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012776-tyqpalai-bermeimin-goi-moldir-auelbekova-balalarynyn-akesimen-aralaspaitynyn-aitty/