Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баяғыда ұят, намыс деген болатын": Уәлибек Әбдірайымов Еркеге үйленген Раимды сынап тастады (видео)

Опубликовано:

Уәлибек Әбдірайымов әзілкеш
Уәлибек Әбдірайымов. Скриншот: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

"Шаншар" әзіл-оспақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов Райымбек Бақтыгереевтің өзінен бірнеше жасқа үлкен Ерке Есмаханмен шаңырақ көтергенін сынға алды. Жұлдызды жұп биылғы жылдың қаңтарында отбасы құрған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әзілкештен "Өзінен жасы үлкен әйелді жар етіп алған інілеріңізге не айтасыз?" деп сұрайды.

Ал Уәлибек Әбдірайымов Раимның Ерке Есмаханға үйленгенін естімегенін айтып, бұл жаңалыққа таңғалды.

"Білмеймін, ғашық шығар. "Алматыда жоқ, жоқ" деп жүріп, ақыры тауыпты ғой. Дұрыс, бақытты болсын. Бірақ, мұны олардың өзіне айтсаң, "Менің жеке басымда не шаруаң бар? Өзіңе жауап бер" дейді. Баяғыда ұят, намыс деген болатын. Білмеймін ғой, пендешілік пе?

Раимға Қазақстанның бүкіл қызы ғашық еді ғой. Қалай болды екен, білмедім ғой. Ол Еркеге бұрыннан ғашық болған шығар. Бастарың бір жастықта қартайсын, мәңгі болыңдар. Раимға айтайын дегенім, Еркенің өзі қырыққа жақындап қалған екен. Енді 10 жылдан кейін ұйқыдан тұрғанда, Еркеден кеш оян", – деді Уәлибек Әбдрайымов.

Сонымен қатар бағдарлама жүргізушісі Әбдірайымовтан "Ұлыңыз "өзімнен он екі жас қызға үйленемін" десе, не дейсіз?", - деп сұрады.

Ал әзілкеш баласына қалай жауап беретінін айтты.

"Шырағым, балам, сол қызды мен алайыншы. Сен алмай-ақ қой. Сол қыз үйге келін болу керек болса, маған кезек бер деймін де. Қайтемін басқа?", - деді Уәлибек Әбдірайымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012996-bayagyda-uyat-namys-degen-bolatyn-ualibek-abdiraiymov-erkege-uilengen-raimdy-synap-tastady-video/