Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықтан шыққаныңды ұмытпау": Бейбіт Қорған желіде жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды

Опубликовано:

Бейбіт Қорған бағдарламада
Бейбіт Қорған. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Отандық әнші Бейбіт Қорғанның өнер әлемінде жүргеніне 23 жыл болған. Instagram желісінде қандай жағдай болмасын, қарапайым халықтан шыққанын ұмытпау керегін айтқан өнер иесі көпшіліктің қошеметіне бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мына билеген биіме басында көбісі күлетін. Сосын таңқала бастады. Мәселенің негізі биде, әнде емес. Әуелі тәкаппарлықты жойып, қарапайым халықтан шыққаныңды ұмытпауда. Әлбетте, ол адамның жүріс-тұрысынан көрініп тұрады.

23 жыл үлкен сахнада жүргендігім осыған үйретті. Ең бастысы, адамкершілік пен Алланың алдында бірдей екенімізде", - деп жазды Бейбіт Қорған.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына қолдау көрсеткен.

"Дұрыс айтасыз", "Сізге қатты еліктедім", "Сіз хит болғанда, мен кішкентай бала едім", - деді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013053-xalyqtan-syqqanyndy-umytpau-beibit-qorgan-zelide-zazbasymen-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy/

pixel