Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызым анамнан айнымайды": Жеті айлығында анасынан айырылған Еркеш Хасен көз жасына ерік берді

Опубликовано:

Еркеш Хасен
Еркеш Хасен. Скриншот: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Отандық әнші Еркеш Хасен отбасылық құпиясын бөлісіп, жан сырын ақтарды. "Төрлетіңіз" бағдарламасына келген әнші анасынан жеті айлығында айырылғанын және тұңғышының анасына ұқсайтынын айтып, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мені әжем тәрбиеледі. Өмірде неше түрлі жағдай болады. Әркім әртүрлі сынаққа ұшырайды. Мен енді Алланың қалауымен жеті айлығымда анамнан айырылғанмын. Сөйтіп әжем бауырына басты. Бұл - өмір. Ананың орнын ешкім баса алмайды. Әжем қолынан келгенше, анамның орнын басты. Ақ сүт бермесе де, айранмен өсірді.

Студент кезімде есік ешқашан жабылмайтын. Студенттер түні бойы жүреді. Күндіз ұйықтаймыз. Бір күні мынадай жағдай болды. Ұйықтап жатсам, досымның телефоны бір сағаттай шырылдады. Қарасам, "Ана" деп тұр. Анаң хабарласып жатыр десем, тұтқаны басып, ары қарай ұйықтады. Бұл маған қатты тиді. Көңіл-күйім түсіп кетті. Біреуде - бар, біреуде - жоқ. Біреу - қадірін біледі, біреу - білмейді деген сияқты.

Баяғыда тіпті мектепке балалар туған күнінде ата-анасымен торт әкелетін. Бәрімізге кішкентай ыдысқа сусын құйып беретін. Мен тамыз айында туылғанмын. Сол кезде ол уақытта сабақ болмағанына қуанатын едім. Балалықпен бе, білмеймін? Өйткені, қыркүйекте туылсам, маған кім келетін еді деп ойлайтынмын. Өйткені, қызығып қараймын. Бірақ арасында осылай көңіл босатып аламын", - деді көзіне жас алған Еркеш Хасен.

Сонымен қатар әнші қызының анасынан айнымайтынын да атап өтті.

"Ең қызығы, қызым туылар алдын апатайымның түсіне анам кіріпті. Өзінен айнымайтын кішкентай баланы әкеліп, өзі кері бұрылып кетіп қалады. Шыны керек, қызым анамнан айнымайды. Апатайым көрген сайын "Анаң өзінің орнын басатын адам жіберген секілді" деп жылайды. Қызымды бақытты қылсам, анам риза болады деп ойлаймын", - деді жан сырын ақтарған Еркеш Хасен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013060-qyzym-anamnan-ainymaidy-zeti-ailygynda-anasynan-aiyrylgan-erkes-xasen-koz-zasyna-erik-berdi/