Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынымды айтайын, қиын": Жуырда ғана әке атанған Әли Оқапов алғаш рет ұлы жайлы айтты

Опубликовано:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: instagram.com/aliokapov

Отандық әнші Әли Оқапов жақында әке атанған болатын. Өнер иесі алғаш рет "Хабар" арнасына сұхбат беріп, әке болғалы өмірінің қалай өзгергенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алғашқы сәби болғаннан кейін, көп күткеннен кейін, 24 сағатты толықтай арнағың келеді. Шынымды айтайын, қиын. Жұмыс бар, ұйқы жоқ. Тамақты қалаған уақытта жемейсің. Керісінше, өте үлкен мотивация береді. Жаңа адам, сен сол үшін бәрін жасау керексің. Неге ән жазбасқа? Неге сахнаға шықпаса? Уақыт болмаса да, күш береді.

Тәрбиеме байланысты, ең бірінші орында жанұя болуы керек. Жанұяма жүз пайыз көңіл бөлемін. Бір айдың ішінде бірінші рет түсірілімге шықтым. Роза Рымбаеваның немересі - үлкен жауапкершілік. Қазір ең бірінші қырқынан аман есен шығарып, денсаулығын мұқият қадағалаумен айналысудамыз", - деді Әли Оқапов.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың тамызында Әли Оқапов сахналас әріптесі Ақерке Бүркітбаймен шаңырақ көтерген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013103-birinsi-orynda-zanuya-ali-oqapov-algas-ret-uly-zaily-aitty/

pixel