Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының өзге ұлттан қыз алуына қалай қарайтынын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қос ұлының өзге ұлттан қыз алуына қалай қарайтынын айтты. Ол Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушыларының бірі тележүргізушіден "Сіз екі ұлдың анасысыз, ене боласыз. Басқа ұлттан жар таңдаса, қарсы болмайсыз ба?", - деп сұраған.
Ал Ләйлә Сұлтанқызы бұл сұрақты марқұм жұбайына қойып көргенін жасырмады.
"Ұлдарымның араласатын ортасын, қыздарын білемін. Баяғыда әкесіне осы сұрақты қойғанымда, нақты қаламайтынын айтқан. Содан бері бұл әңгіме көтерілген емес.
Қызық үшін айтайын, менің інім Ерланның қызы түрікмен қызы. Жүрегі, құжаты қазақ қазір. Үш ұлы бар. Інім мектепте оқып жүргенде, басқа ұлттың қыздарын ұнататын. Белгі ғой. Інім анамның қолында тұрады. О, тоба, келін енесінен айнымайды", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013305-laila-sultanqyzy-uldarynyn-ozge-ulttan-qyz-aluyna-qalai-qaraitynyn-aitty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.