jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Жылап отырмын": Ләйлә Сұлтанқызы жұбайының қазасынан соң жұмысты алданыш ететінін айтты (фото)

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

    Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде оқырман сауалына жауап беріп, күйеуінің қазасын соі өзіне жұмысы алданыш екенін жеткізді. Тележүргізуші жақын адамның қазасынан соң ешқандай сөз көмектеспейтін кез болатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тележүргізуші әлеуметтік желіде оқырмандарымен үнемі байланыс орнатып, жолданған сауалға жауап беріп отырады.

    Оқырмандардың бірі Сұлтанқызына марқұм жұбайы жайлы сауал жолдаған.

    "Жұбайыңыз жаныңызда жүргендей сезесіз бе?", - деп жазды оқырман.

    Ал Ләйлә Сұлтанқызы кейде ешқандай сөздің көмектеспейтін сәті болатынын және оны қабылдау керектігін жеткізді.

    "Болады, елегізіп, елеңдеймін. Жолдасы өмірден өткен әйелдер бірнеше кезеңнен өтіп барып, басылады. Ешқандай жұбату, ешқандай сөз көмектеспейтін кез болады. Бастысы, әр кезеңде тоқтап қалмау керек. Сіздің жаныңызды өзіңіз сияқты адам ғана түсінеді. Жылап тұрып күліп, күліп тұрып жылайтын кезең мен жүректен босату - ең ауыры. Қабылдау керек. Осыны жазып, жылап отырмын. Демек, әлі босата қоймадым. Қазір маған жұмыс алданыш", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркімбаев өмірден өтті.

    Ләйлә Сұлтанқызы сторис
    Ләйлә Сұлтанқызы. Скриншот: instagram.com/sultankyzy

    "Жылап отырмын": Ләйлә Сұлтанқызы жұбайының қазасынан соң жұмысты алданыш ететінін айтты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.