Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашымды не үшін тартты": Кенжебек Жанәбілов тойда келеңсіз жағдайдың қалай болғанын айтып берді (видео)

Жарияланған күні:

Кенжебек Жанәбілов
Кенжебек Жанәбілов. Скриншот: instagram.com/kenzhebekmuzart

Бүгін әлеуметтік желіде "Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің шашын тойда белгісіз ер адамның тартқан видеосы тараған болатын. Өнер иесі аталмыш жайтқа байланысты пікір білдірді, деп жазады massaget.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бұл негізі 7-8 ай бұрын болған оқиға. Алматыда салтанатты кеште өнер көрсеткенмін. Той иелері "өнеріңізді құрметтейміз, тамашалаймыз" деп шақырған соң бардым. Өнерімді көрсеттім. Той ортасында өнер көрсетіп тұрғанмын. Видеодағы ер адам келіп, шашымды тартты. Бірақ қатты тартты. Мен оны жәй ғана итеріп жібердім. Сол кезде той иелері жүгіріп келіп, оны алып кетіп, "Өнер иесіне неге олай істейсің?", "Мәдениет қайда?" деп ұрысып, жағасынан алып жатқан. Мен ештеңе деген жоқпын. Әнімді орындадым да кетіп қалдым.

Шашымды не үшін тартты?! Мүмкін, өзінде мұндай шаш жоқ болған соң көре алмай қалған шығар. Білмеймін енді, неге тартқанын. Видеода қатты көрінбейді, бірақ менің шашымды уыстап тұрды да, қатты тартты. Өнер иесіне деген сыйластық болу керек шығар. Мадинаның бетінен сүйіп алған да дұрыс емес. Той иелері өнерпаздарды тойға шақырса, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Өнер иелері қанша ән жазып, бейнебаян түсірсе де, халық арасына кең таралмайды. Неге осындай жағымсыз іс-әрекеттер лезде тарайды екен? Дегенмен өнер, еңбек бағалануы керек", - деді Кенжебек Жанәбілов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін "Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов тойда шашын тартқан белгісіз адамның видеосын Instagram желісіне жариялап, көпшіліктен кімнің ісі дұрыс екенін сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013364-zagasynan-alyp-zatqan-kenzebek-zanabilov-toida-sasyn-tartqan-er-adamga-bailanysty-pikir-bildirdi-video/