Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Дұғалова ұзатылып жатыр (видео)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова
Жанар Дұғалова. Фото: Тимур Балымбетовтің бағдарламасы

Әнші Мадина Сәдуақасова өзінің Instagram парақшасында өнердегі әріптесі, әнші Жанар Дұғалованың ұзатылып жатқанын айтып, ұзату тойынан видео-сторис салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram-дағы Qaz.stars.kz парақшасы "Сүйінші! Жанар Дұғалова ұзатылып жатыр" деп ұзату тойдағы видеомен бөлісті.

Видеода әнші Мадина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаеваның бір дастарханда отырғанын көруге болады. Қос әнші өнердегі сіңлілері Жанарды бүгінгі ұзату тойымен құттықтап, жарыса бақыт тіледі.

"Сонымен уәде бергендей, мен сіздерге айтайын бүгін біздің құрбымыз, супер әнші, сіңліміз Жанар Дұғалова наконец-то тұрмысқа шығып жатыр. Керемет той, Жанар. Бүгін – Ұзату той. Шын жүректен құттықтаймыз. Ең әдемі махаббат тілеймін,– деген Маржан Арапбаеваның құттықтауын Мадина іліп әкетіп:

"Бағың ашылсын. Ең ең ең сұлу, ең таза, талантты, ақкөңіл қыз. Бақытты болыңдар", – деді Мадина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013390-zanar-dugalova-uzatylyp-zatyr/

pixel