Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеу бала кім": Мадина Сәдуақасова әріптесі Жанар Дұғалованы ұзатты (фото, видео)

Опубликовано:

Дұғалова ұзатуы
Жанар Дұғалова, Мадина Сәдуақасова. Скриншот: instagram.com/sadvakasovamadina

Қазақстанның танымал әншісі, актриса Жанар Дұғалова осыдан біраз уақыт бұрын наурыз айында ұзатылатынын айтқан болатын. Кеше Дұғалова сүйгеніне ұзатылды. Той соңында әншіні өнердегі әріптесі Мадина Сәдуақасова болашақ жұбайына ұзатып салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл сәттің видеосын Сәдуақасова Instagram желісінде көпшілікке бөлісті.

"Жанар Дұғалова ұзатылды. Астананың келіні атанды. Енді Ілияс, қондырған құсың құтты болсын. Бақытты болыңдар, шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды Сәдуақасова.

Жанар Дұғалова мен Мадина Сәдуақасова
Жанар Дұғалова мен Мадина Сәдуақасова. Скриншот: instagram.com/sadvakasovamadina

Желі қолданушылары танымал әнші, актриса Жанар Дұғаловаға бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырды.

"Бақытты болсын", "Күйеу бала кім екен", "Жанар үшін қуаныштымын", "Бағы ашылсын", - деп жазды желідегілер.

Әншінің ұзату тойына Мадина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Толқын Забирова, Алтынбек Рахметов, Әлішер Кәрімов, тағы да басқа жұлдыздар келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013400-kuieu-bala-kim-madina-saduaqasova-ariptesi-zanar-dugalovany-uzatty-foto-video/

pixel