Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"400-ден аса адам шақыруымыз керек": Өмірқұл Айниязов отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті (видео)

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов, әнші
Өмірқұл Айниязов. Фото: "Өмір көркем" бағдарламасы

Отандық әнші Өмірқұл Айниязов отбасындағы қуанышты жаңалығын жеткізді. "Өмір көркем" бағдарламасында ол 23 жастағы ұлы Нұртуған тамыз айында үйленетінін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қыздар "Алматыдағы жеке концерт қашан болады?" деп сұраған кезде айтқанмын. Бұйырса, тамыз айында келін алсақ деген ойымыз бар. Сол себепті концертті көктемге жылжытып қойдық.

Біздің кезімізде үйленетін болса, айтпай жасыратын еді. Қазір айтатын заман болды. Сондықтан бәрін халық көріп отыр. Сақина салып, ұсыныс жасады. Құдалармен де кездесіп, уағдаласып қайттық. Семейден найман руының қызын алғалы жатырмыз. 21 жылдан кейін қызды болып, той жасағанымда 350 адамды сыйғыза алмадық. Соған қарағанда, 400-ден аса адам шақыруымыз керек шығар деп ойлаймын", - деді Өмірқұл Айниязов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Өмірқұл Айниязов ұлы Нұртуғаннан кейін 21 жыл дегенде қызды болғанын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013907-400-den-asa-adam-saqyruymyz-kerek-omirqul-ainiyazov-ulyn-uilendirgeli-zatqanyn-aitty-video/

pixel