jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қызғаныштан қарсы қойғандар көп болды": Әйгілі Нұрлан мен Мұрат дуэтінің тарап кетуіне басты себеп не

    Нұрлан Әміров студияда қонақта
    Нұрлан Әміров. Фото: "Хабар" арнасы

    2000 жылдардың басында хит әндерімен танылып, көрермен ықыласына бөленген "Нұрлан мен Мұрат" дуэтінің тарап кеткеніне де біраз жылдың жүзі болды. Наурыз мерекесінде топтың бұрынғы мүшесі Нұрлан Әміров өнер жұлдыздарының неліктен екі жаққа кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды АйнаLine бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Нұрланның айуынша, Мұрат екеуінің арасына от салған адамдар көп кездескен.

    "Мұны реніш деп айтуға болмайтын шығар. Түсініспеушілік десек дұрыс. Себебі қанша адам болса, сонша ой, сонша сөз бар. Әркім әртүрлі жеткізеді. Ол кісіде маған деген негатив пайда болып, арамыз алыстай бастады. Бұлай болмас деп, бір айға жетпейтін уақыт ішінде қайта кездесіп, түсіністік. Ол менен жасы кіші болған соң, мәмілеге келдік. Оған басқа информация, маған басқа информация келген. Бізді бір-бірімізге қарсы қойғысы келгендер көп кездесті.

    Үшінші тараптан әңгіме айтатындар өте көп болды. Пенде болған соң, соған еріп кетіп жатамыз. Жақын достарымыз арқылы жеткен әңгіме болған соң, ми қыртысында қалып қояды екен. Өнер адамдарының арасында қызғаныш жиі кездеседі. Мұның бәрі қызғаныштың салдарынан орын алған еді. Қазір Мұрат мені қатты сыйлайды, ағалап тұрады. Қазір шақырған жерлерге бірге барып тұрамыз. Бірақ мен өзіммен дуэт айту үшін қара нәсілді қыз баланы қасыма алдым", - деді Нұрлан Әміров.

    "Қызғаныштан қарсы қойғандар көп болды": Әйгілі Нұрлан мен Мұрат дуэтінің тарап кетуіне басты себеп не

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.